Ұлттық спорт 16 Сәуір, 2019 (0) (271)

Азия чемпионаты. Қырғызстан қайда?

16-21 сәуір аралығы Ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді.


Чемпионат қарсаңында Қырғызстан «Көкбөрі» федерациясының жаңадан сайланған президенті И. Қадырқұлов бастаған топ Алматы қаласында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханмен кездесті.
Кездесуде Бекболат Қанайұлы екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы айта келе, ұлттық спорт саласын халықаралық деңгейге көтеру үшін бірігіп қызмет етуге шақырды.
Сондай-ақ, жиында көкпардың халықаралық ережесіне қатысты сұрақтар да кеңінен талқыланды.
Атап өтейік, осыған дейін қырғыз федерациясының жаңадан сайланған басшысы көкпардан өтетін барлық жарыстан қалмау қажеттілігін мәлімдеген.

Бүгінгі күнге дейін қырғыз елі тарапынан көкпар, аударыспақ пен теңге ілу спорт түрлерінен І Азия чемпионатына қатысу ресми өтінімі түскен жоқ. 

Сондықтан да айыр қалпақты ағайын бұл чемпионатқа қатыспайды. Әрі кеше жарысқа қатысушы елдердің командалары чемпионатқа қатысу мандаттарын алып қойған.


Дереккөз: BAQ.KZ

Фото: Ержан Жаубай


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру