Шахмат 17 Сәуір, 2019 (0) (143)

Анатолий Карпов: Қазақстанда шахмат үйренгісі келетін бала көп

Шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Анатолий Карпов қазақстандық шахматшылардың табысы жөнінде пікір білдірді.


«Қазақстанда шахматшы жігіттер табандап тұрып қалды да, шахматшы қыздар жақсы ойнап келеді. Қыздардың бірнеше жүлделі орын алғанынан да хабардармын. Оларға тек қана табыс тілеймін», - деді танымал шахматшы ҚР Ұлттық музейінде өткен «Ресей-Қазақстан - ғарыштық дәуірді тұңғыш ашқандар» көрмесінде. 

Оның айтуынша, Қазақстанда шахматқа қызығушылық айтарлықтай артып келеді. 

«Шахматты мектептерде және арнайы орталықтарда үйретеді. Алматыда өзім дәл осындай екі орталықты ашқанмын. Шахмат үйренгісі келетін балалар көп. Өзге мектептерді айтпағанда, әлгі екі орталықта мың жарымнан астам бала жаттығады. Әрине, санның ішінен сапа іріктеліп шығады», - деді Анатолий Карпов. 


Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру