Бокс 17 Сәуір, 2019 (0) (166)

Головкин үшін Стив Роллс түтіп жейтін қарсылас емес!

35-жастағы канадалық спортшы кәсіпқой боксты 37-ге толған Генадан әлдеқайда кешірек бастаған.


Ол 2011-ші жылы алғаш кәсіпқой рингке көтерілсе, Головкин 2006-шы жылдан бері тер төгіп келеді. Осыдан тура 13 жыл бұрын кәсіпқой боксшы атанған GGG мансабында 40 айқас өткізіп үлгерсe, Стив Ролсс 19 мәрте жекпе-жекке шыққан екен. Оның бір артықшылығы - еш жеңілмеуі. Головкиннің 34 нокауты бар, ал Роллс 10 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған. Канадалықтың жалғыз кемшілігі - 12 раундтық айқасқа шығып көрмеуі. Бұл Головкин секілді азулы қарсыласпен жұдырықтасқанда оған үлкен қиындық әкелетіні анық. Сонымен қатар Стив USBA тұжырымы бойынша Америка чемпионы деген атақтан басқа белбеуге қол жеткізбеген екен. Дегенмен IBFWBC секілді беделді тұжырымдардың рейтингінде үздіктер көшінде жүр. 

Қысқасы бұл ұлы дүрбелең алдындағы Гена үшін жақсы бір сынақ болады. Роллс қолды-аяққа тұрмайтын шапшаң, соққы жасау стилі әжептәуір дамыған боксшы. DAZN алдымен Нью-Йорк төрінде Генаның терін бір шығарып алып, кейін негізгі чемпиондық атақ жолындағы ұлы аламанға қоспақ. Орта салмақтың саңлақтары күтіп қалды Генаны. Олардың ішінде Альварес, Андраде, Джейкобс, Кроуфорд секілді көптеген мықтылар бар. Головкин DAZN сервисімен 6 жекпе-жекке келісімшарт жасасты. Енді ол үш жылдың ішінде чемпиондық белбеулердің бәрін жаулап алуға құлықты. Қызықтың көкесі 8 маусымда Madison Square Garden аренасында болады! Қапы қалмайық!


Serik Noyan, FB парақшасынан

Фото: Sports.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру