Бокс 22 Сәуір, 2019 (0) (169)

Азия чемпионатында Қазақстанның тоғыз боксшысы ширек финалға өтті

Ширек финалда Қазақстанның намысын тоғыз боксшы қорғайды.


22 сәуірде бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жектер басталады. Ширек финалдағы боксшылар саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан қалып тұр.

22 сәуірде бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалындағы жекпе-жектер басталады. Ширек финалдағы боксшылар саны бойынша Қазақстан Өзбекстаннан қалып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалда Қазақстанның бір боксшысы ұтылып қалды: Әнуар Мұзаппаров (52 келіге дейін) қырғызсатндық тәжірибелі боксшы Азат Үсенәлиевке жол берді.
Осылайша, ширек финалда Қазақстанның намысын тоғыз боксшы қорғайды: Теміртас Жүсіпов (49), Қайрат Ералиев (56), Зәкір Сафиуллин (60), Санатәлі Төлтаев (64), Асланбек Шымбергенов (69), Тұрсынбай Құлахмет (75), Бек Нұрмағанбет (81), Василий Левит (91) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91).
Ал Өзбекстаннан келген он боксшының бәрі де ширек финалда өнер көрсетеді: Нодиржон Мизахмедов (49), Хасанбой Дусматов (52), Миразиз Мирзахалилов (56), Шукуржон Рахимов (60), Шункор Абдурасулов (64), Бобо-Усмон Батуров (69), Исраил Мадримов (75), Дилшодбек Рузметов (81), Санжар Турсунов (91) және Баходир Жалолов (+91).
Ширек финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында үш жекпе-жек өтеді. Бек Нұрмағанбет 81 келіге дейінгі салмақта Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасады. Ал 75 келіге өнер көрсететін Тұрсынбай Құлахмет кәсіпқой рингте екі кездесу өткізіп үлгерген Исраил Мадримовпен күш сынасады. Асланбек Шымбергенов болса, 69 келіге дейінгі салмақта Бобо-Усмон Батуровпен кездеседі.


Дереккөз: Vesti.kz

Фото: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру