Киберспорт 22 Сәуір, 2019 (0) (107)

Қазақстандықтар Бразилияда өткен CS:GO турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық Avangar командасы DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирінде жеңіске жетті.


Qazaq Cybersport Federation парақшасында клубтың тұңғыш рет кәсіпқой сахнада ірі жеңіске жеткенін жазды. Қазақстандық команда сапында Алексей Qikert Голубев, Бектияр Fitch Бахытов, Тимур Buster Төлепов, сондай-ақ өзбекстандық Санжар SANJI Кулиев және ресейлік Джами Jame Али өнер көрсетеді.  "Ақтық сынның бірінші ойынында қазақстандық команда таза жеңілді, алайда жігіттер ойында басымдылықты өз қолдарына алып FURIA eSports командасын 2:1 есебімен жеңді", - делінген федерация хабарламасында.

DreamHack Rio de Janeiro 2019 турнирі сәуірдің 19-21 аралығында Рио-де-Жанейрода өтті. Жүлде қоры - 100 мың доллар. Жарысқа сегіз команда қатысты.


Дереккөз: Tengrinews.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру