Күрес 23 Сәуір, 2019 (0) (274)

Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды

Бүгін Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде еркін күрес шеберлері арасында мықтылар анықталуда.


65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Саятбек Оқасов финалды үндістандық Баджранг Баджрагштан 7:12 есебімен ұтылып, Азия біріншілігінің күмісін қанағат тұтты. 

Ал 70 келіде сынға түскен Нұрқожа Қайпанов ақтық сында жапониялық Коджира Шиганы 9:0 есебімен жеңіп, өз мансабында тұңғыш рет Азия чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ, биылғы құрлық додасындағы Қазақстанның алғашқы алтын жүлдесін қоржынға салды. 

79 келіге дейінгі салмақта Ғалымжан Өсербаев қола жүлдегер атанды. Кіші финалда ол жапон балуанын 6:0 есебімен жеңген. 

Сондай-ақ, 97 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Ерғали Әлішер қырғызстандық балуанды ұтып, турнирдің қола жүлдесін иеленді. 

Ертең Азия чемпионатында 61, 74, 86, 92 және 125 келідегі балуандар күш сынасады. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру