Бокс 25 Сәуір, 2019 (0) (211)

Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 4 боксшымыз финалға жолдама алды.


Олардың қатарында Закир Сафиуллин (60 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бар.

Закир Сафиуллин үндістандық Шива Тхапаны тізе бүктірсе, Тұрсынбай Құлахмет түркімен Нурсахат Паззыевтің осал тұсын тапты . Сондай-ақ, Бек Нұрмағанбет (81 келі) қырғыз жігіті Эркин Эркин Адылбек уулун жеңсе, Қамшыбек Қоңқабаев үндістандық Сатиш Кумардан басым түсті.

Бүгінгі кездесулерде Теміртас Жүсіпов (49 келі) алған жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алған жоқ . Нәтижесінде қола жүлдені місе тұтты. Санатәлі Төлтаев (64 келі) тәжікстандық Баходир Усмоновқа қарсы тұра алмады. Ал Василий Левит (91 келі) Оңтүстік Корея елінен келген қарсыласы Ким Хьен Кюге жол берді . Қыздар арасында Дариға Шәкімова (69 келі) қытайлық Тайбей елінің өкілі Ниен Чин Ченге жол берсе , Фариза Шолтай (81 келі) үндістандық Пуджей Раниден сүрінді. Сондай-ақ, Милан Сафронова (64 келі) қытайлық Дан Доуға есе жіберді.  Осылайша біздің құрамадағы қыздар арасынан ешкім финалға шыға алған жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, Азия чемпионатының финалдық ойындары 26 сәуірде өткізіледі. 


Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру