Ұлттық спорт 26 Сәуір, 2019 (0) (111)

Елордада ұлттық спорт тарихындағы ауқымды жарыстар өтпек

Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық спорт ойындарынан «Ұлы далаға үлкен үлес» атты ірі жарыстар өтеді.


Жаңадан құрылған «Болат тұяқ» қоғамдық бірлестігінен мәлім еткендей, ауқымды шараны Елорда күніне орай 6-7 шілде күндері «Қазанат» ипподромында өткізу жоспарланған.

Бірлестік өкілдерінің айтуынша, жарыстар ұлттық спорттың 13 түрінен  бұрын-соңды болмаған ауқымда ұйымдастырылмақ.

Шара әуелі әр ауылдың атқа мінер азаматтарының шеруінен басталады. Ары қарай бес кезеңнен тұратын ат бәйгесі, некелі әйелдердің жаяу жарысы, түйелер жарысы, көкпар тарту, қолаң шашты қазақ арулар байқауы, алып күш иелерінің сайысы, ұлттық қолөнер бәйгесі, ат сыншыларының жарысы (әр өңірден), қыз қуу, теңге ілу, арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ, өгіз көтеру, киіз үй көрмесі (жарыс түрінде) және ұлттық тағамдар жәрмеңкесі (жарыс түрінде) өтеді.

Ойындардың талаптарын бекіту, әр өңірлерден келген мамандардың ұсыныс-ескертпелерін тыңдау, дайындық жұмыстарын жүргізу және бәйге түрлерінің сыйлықтарын белгілеу мақсатында ертең, 27 сәуір күні елордада арнайы отырыс өтеді. Оған «Болат тұяқ» қоғамдық бірлестігінің тең төрағалары Жақып Баймолдаұлы мен Нұрдәулет Нүбаракұлы, елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, танымал өнер адамдары, ұлттық спорттың мамандары мен жанашырлары қатысады.


Дереккөз: ҚазАқпарат.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру