Жекпе-жек 02 Мамыр, 2019 (0) (195)

Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Мамыр айында таеквондодан осы жылғы ең беделді жарыс өтеді. Мамырдың 15 мен 20 аралығында Ұлыбританияның Манчестер қаласында әлем чемпионаты жалауын көтереді.


Әлем чемпионаты ең мықты таеквондошыларды анықтап қана қоймай, олимпиадалық лицензияға таласуға қажетті маңызды рейтингтік ұпайларды жинауға  мүмкіндік береді.

Қазақстан командасының бапкерлер құрамы Манчестердегі жарысқа қатысатын спортшыларды іріктеп алды. Британияда төселетін даянгте 16 қазақстандық таеквондошы медальға таласады.

Ерлер арасындағы жарысқа Самат Темірхан (54 кг), Елдос Ысқақ (58 кг), Эльдар Бірімбай (63 кг), Нұрсұлтан Мамаев (68 кг), Қайрат Сарымсақов (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (80 кг), Смайыл Дүйсебай (87 кг) және Руслан Жапаров  (+87 кг).

Қыздар арасындағы жарысқа Айнұр Уашпай (46 кг), Айнұр Есбергенова (49 кг), Фариза Алданғарова (53 кг), Ботагөз Қопанова (57 кг), Фатима Жақсыбаева (62 кг), Ақсәуле Ерқасымова (67 кг),  Жансель Дениз (73 кг), Мереке Жүнісова (+73 кг).

Жарыс кезінде қандай мақсат қойылғандығы туралы команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Еставлетов қысқа қайырды.

"Бір-екі медаль жеңіп алғымыз келеді. Қазір Оңтүстік Кореяда чемпионатқа дайындалып жатырмыз",- деді Батырбек Еставлетов.


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру