Бокс 04 Мамыр, 2019 (0) (143)

«Канело» мен Джейкобске жекпе-жек үшін төленетін гонорар көлемі ресми жарияланды

Қазақстан астанасының уақытымен кездесу ертең таңертең өтеді.


Неада штатының атлетикалық комиссиясы орта салмақта WBC, WBA (Super) Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) және IBF белбеуіне ие америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) алатын кепілді гонорарды ресми жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
«Канелоға» бұл жекпе-жек үшін 35 миллион доллар, ал Джейкобске 2,5 миллион төленеді. Сонымен бірге, америкалық DAZN-мен келісімшарт бойынша он миллионннан артық алатыны айтылып жатыр.
Мексикалықтың бұл жекпе-жектен жалпы табысы 37,5 миллион долларға жуықтайды екен.
Еске салайық, Альварес - Джейкобс жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Головкин мен Альварес те дәл осы аренада екі рет жұдырықтасқан: алғашқысында тең түсті, ал қарымтада мексикалық төрешілер шешімімен жеңді. 
Қазақстан астанасының уақытымен кездесу 5 мамыр таңғысын өтеді.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру