Жекпе-жек 07 Мамыр, 2019 (0) (90)

Дархан Асаділов каратеден олимпиадалық рейтингте үздік үштікке енді

1 мамыр күні Бүкіләлемдік карате федерациясы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңадан түзілген рейтингте Дархан Асаділов (60 келі) өз позициясын жақсартты.


Мароккодағы Премьер-лига кезеңінен соң каратешілердің ұпайын бағалау жүйесіне өзгеріс енген болатын. Бұдан былай спортшылардың ірі жарыстарда жиған ұпайы 100 пайыз олимпиадалық рейтинг бойынша есепке алынады. 

Рабаттағы турнирде топ жарған Дархан Асаділов олимпиадалық рейтингте бір сатыға жоғарылады. Ол үшінші орында тұр. Оның командаласы Қайсар Алпысбай әлемдік және олимпиадалық рейтингте біршама ұпай жоғалтып, тиісінше 16-шы және 59-шы орында тұр. 

67 келідегі Асылбек Мұрат 27-ші орынға көтерілсе, Дидар Әмірәлі 44-ші орынға төмендеді. 

75 келідегі Игорь Чехмарев Рабаттағы жарыстың қола жүлдесінен соң олимпиадалық рейтингтегі жағдайын жақсартып, 15-ші орынға тұрақтады. 

61 келідегі Мадина Өтелбаева 42-ші орыннан 38-ші сатыға жоғарылады. 

Бүкіләлемдік федерация бекіткен ереже бойынша, рейтингте бірден төртінші орынға дейін орналасқан спортшылар 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алады. Ол үшін каратешілер келесі жылдың сәуіріне дейін жалғасатын жарыстар тізбегінен сырт қалмауы тиіс. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру