Футбол 15 Мамыр, 2019 (0) (129)

"Астана" Керекуде "Ертістен" қарымта қайырды

Қазақстан Премьер-Лигасының уақыты ауыстырылған бір ойыны "Астана" мен "Ертіс" арасында өтті. Бұл матч негізі, 1-турдың ойыны екенін айта кетейік.


Қос клуб 5-мамырда ғана кездескен болатын. Ол матчта Павлодардың бас командасы сырт алаңда "Астананы" 0:1 есебімен ұтып кеткен. Бұл жолы қонаққа барған "Астана" алдыңғы екі турдағы жеңілістерін жуып-шайды. Алғашқы таймның соңғы минуттарында Кабананга белсеніп, айып алаңы ішінде гол соққан. Екінші таймның 63 және 85-минуттарында Марин Томасов дубль жасады. Ал матч түгесілер шақта Рангело Янга төртінші голды соғып, командасының ірі есеппен ұтуына жағдай жасап берді. 

 "Ертіс" - “Астана” - 0:4 

Голдар: Кабананга, 40, Томасов, 63, 85, Янга, 90 

Ескерту алғандар: А. Цирин ("Ертіс") 15 мамыр. 

Павлодар. 


Фото: fcastana.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру