Alaman Ақпарат 17 Мамыр, 2019 (0) (113)

«Қазығұрт» қарсылас шыдатпады

Екінші орын қарағандылық командаға бұйырды.



Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан қыздар арасындағы XXVII Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Жоғарғы дивизионда сынға түскен командалар арасында Шымкенттің «Қазығұрт» командасы қарсылас шыдатпай чемпион атанды.

Тұғырдың екінші сатысына «Қарағанды» командасы көтерілсе, үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласының  СДЮШОР №5 командасы түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан гандбол федерациясының өкілдері, Алматы спорт басқармасы және гандболдан Қазақстан қыздар құрамасының бапкерлері қатысты. Марапаттау рәсімінде сөз алғандар жарысқа қатысушыларға алғыс айтып жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.




Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру