Футбол 22 Мамыр, 2019 (0) (164)

Қазақстан Кубогының 1/2 финалының алғашқы ойындары өтті

Бүгін футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының алғашқы матчтары өтті.

Шымкентте «Ордабасы» мен «Атырау» командалары арасындағы өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері бірінші таймда пенальтиден гол соғып алға шыққанымен, екінші таймда қонақтар есепті теңестіріп кетті. 

Қазақстан кубогы. 1/2 финал. Алғашқы матч

«Ордабасы» - «Атырау» - 1:1 (1:0)

Гол соққандар: Диакате 17 (пеанальти) - Сергиенко 68



Жартылай финалдық екінші матчта қостанайлық «Тобыл» қызылордалық «Қайсарды» қабылдады. Кездесу тағдырын бір ғана гол шешті. Матчтың 74-минутында Максим Федин гол соғып, қостанайлықтарға жеңіс сыйлады – 1:0.

Қазақстан кубогы. 1/2 финал. Алғашқы матч

«Тобыл» - «Қайсар» 1:0 (0:0)

Гол: Федин 74


Фото: pflk.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру