Бокс 26 Мамыр, 2019 (0) (119)

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқаста жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Оксон Хилледегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысты.


Ол MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде чилилік Луисом Норамбуэнмен (3-1-1, 0 КО)  айқасты. Жартылай орта салмақта болған бұл жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді. Сонымен Данияр кәсіби бокста жетінші рет мерейі үстем болды. Айта кетер жайт, ол әзірге жеңілмеген. Ал Норамбуэн өз спорттық жолында екінші рет сүрініп отыр.


Дереккөз: ҚазАқпарат


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру