Ұлттық спорт 26 Мамыр, 2019 (0) (55)

Аударыспақтан Қазақстан чемпионы анықталды

Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы аударыспақтан ХІХ рет өткен чемпионаты аяқталды.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған додада еліміздің 13 өңірінен 60-қа жуық балуан бақ сынады.

Сонымен 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен құрыш білек, тас тақым жігіттерге әр салмақ бойынша 2 үшінші орын, 1 екінші және 1 бірінші орын берілді.


60 кг салмақта:

І орын – Ермек Құралбай (Түркістан облысы)

ІІ орын – Азамат Серғазин (Ақтөбе облысы)

ІІІ орын – Фархат Советов (Қарағанды)

ІІІ орын – Мейіржан Әбибулла (Қостанай облысы)


70 кг салмақта:

І орын – Шыңғысхан Ержанов (Ақтөбе облысы)

ІІ орын – Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

ІІІ орын – Дәулет Ережепбаев (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Бауыржан Ахметов (Павлодар облысы)


80 кг салмақта:

І орын – Нұржігіт Әмзеев (Жамбыл облысы)

ІІ орын – Ермек Жәпішев (Шығыс Қазақстан облысы)

ІІІ орын – Досан Иламанов (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын – Ағжан Мұрат (Павлодар облысы)


90 кг салмақта:

І орын – Мансұр Тамикенов (Шығыс Қазақстан облысы)

ІІ орын – Мұратәлі Тезекбаев (Алматы қаласы)

ІІІ орын – Дамир Серікбай (Қызылорда облысы)

ІІІ орын – Нарбота Босов (Солтүстік Қазақстан облысы)


90 кг жоғары салмақта:

І орын – Біржан Қосәлиев (Түркістан облысы)

ІІ орын – Данияр Смайлов (Жамбыл облысы)

ІІІ орын – Мадияр Асқар (Ақмола облысы)

ІІІ орын – Дархан Бейсенбаев (Шығыс Қазақстан облысы)


Балуандардың жетістігін өткен жылғымен салыстыра қарасақ, былтырғы чемпиондық атақтарын сақтап қалған түркістандық аса ауыр салмақтағы Біржан Қосалиев пен 70 келі салмақтағы ақтөбелік Шыңғысхан Ержанов қана болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Теңге әлу ептілерінің сайысын және Жамбы ату мергендерінің жетістігін хабарлаған болатынбыз.

Ел чемпионаты ертең аяқталады. Ертең сағат 10:00-де Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары және Атырау облысы мен Ақмола облысының командалары арасында 1-2, 3-4-орындар үшін, яғни финалдық ойындар өтетін болады.


Дереккөз: BAQ.KZ

Фото: Ержан ЖАУБАЙ


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру