Авто-мото 27 Мамыр, 2019 (0) (110)

Ақтауда FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының ралли-рейдтен «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогының кезеңі басталды

27 мамырда Каспий теңізінің жағалауында Халықаралық Автомобиль Федерациясының (FIA) ралли-рейдтен «Ралли Қазақстан 2019» Әлем кубогінің төртінші кезеңі басталады.



Ақтаудан бастау алып, осы қалада өз межесіне жететін жарыстың жалпы қашықтығы 2500 шақырымнан асады. Қазақстандағы дода биылғы әлем біріншілігінің ең қашық кезеңі болып табылады. Автошабандоздарды алты күн бойы Маңғыстау өлкесінде тас пен құм, сор мен жолсыз даладағы сайыста өз бағын сынамақ.  Әлем автоспорты үздіктерінің сайысы Қазақстанның батысында 1 маусымға дейін жалғасады.

«Ралли Қазақстан 2019» додасына 17 елден барлығы 28 экипаж қатысуға ниет білдірді. Олардың ішінде Бельгия, Бразилия, Германия, Катар, Испания, Италия, Нидерланды, Португалия, Ресей, Сауд Арабиясы, Словакия, Түркменстан, Чехия, Чили және Франция елдері бар. Қазақстанның намысын раллиде бірнеше спорттық экипаж қорғайды.

«Ралли Қазақстан 2019» экипаждары келесі FIA санаттарында жарысады: Т1 - жақсартылған сериялық автомобильдер, Т2 – сериялық модельдерден аз айырмашылығы бар жеңіл автомобильдер, Т3 – жеңілдетілген автомобильдер side-by-side (SSV), T4  –  жүк көліктері, сондай-ақ ралли-рейдтен Қазақстан Республикасы Кубогының ұлттық есебі де теркелінбек.

26 мамыр күні Ақтау қаласында раллидің ресми қонақ үйі Саѕріап Riviera Grand Palace-та Халықаралық автомобиль федерациясының (FIA) өкілдері, «Ралли Қазақстан 2019» қатысушылары, ҚР Автомотоспорт Федерациясы және Маңғыстау облысы Әкімдігінің қатысуымен баспасөз-конференциясы өтті.


Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев раллидің басталуын хабарлап, спортшыларға сәтті жарыс пен жеңіс тіледі.

- Біз Ақтау жерінде осындай ауқымды және беделді жарысқа қатысушыларды қарсы алуға қуаныштымыз. Маңғыстау өзінің бірегей табиғи ландшафтымен және әртүрлі рельефімен танымал және мұндай ерекшелік әлемнің үздік шабандоздарының назарын бізге қаратады. Жаһандық біріншіліктің кезеңін қатарынан үшінші жыл қатарынан қабылдай отырып, біз Маңғыстау облысының бай туристік әлеуетін және өзінің дәстүрлі қонақжайлылығын көрсетіп келеміз. Ралли-рейдтің барлық қатысушыларына адал күрес пен спорттық фортунаны, ал барлық қонақтар мен көрермендерге ұмытылмас әсер тілеймін, - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев.

Сондай-ақ, Руслан Сәкеев аймақ басшылығы әрқашанда облыс аумағында ралли-рейдтің өтуіне қолдау көрсететін алға тартып, осындай жарыстар жастарды спорттың техникалық түрлеріне тартуға ықпал етіп, жалпы елдегі спорттың дамуына оң әсерін тигізетін атап өтті.

«Ралли Қазақстан 2019» спорттық жетекшісі, өткен жылдағыдай, БАӘ Автоспорт федерациясының өкілі Ронан Морган болмақ, ралли-рейдке дайындықты Қазақстан Автомотоспорт Федерациясы жүргізді.

- Ұйымдастырушылар командасы Маңғыстаудағы Әлем Кубогының кезеңін өткізуге толыққанды дайын. Жыл сайын біз ралли-рейдтің маршрутын жетілдіріп, оны қызықты және әр түрлі етуге тырысамыз. 2019 жылғы жарыстың ерекшелігі құмды учаскелер санының көбеюі және жылдамдық учаскелерінің қысқаруы болмақ. Арнайы учаскелердің қашықтығы өткен жылға қарағанда аз болады, сондай-ақ, автошабандоздардың жайлылығы үшін лиазондар барынша қысқарады, ал арнайы учаскелердің кезектілігі өткен жылғы бағыттан мүлдем өзгеше болмайды, - деп атап өтті ҚР автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев.



Биыл Ақтаудағы жарысқа алдыңғы жылдардағыдай ең атақты әлемдік шабандоздардың қатыспақ. «Ралли Қазақстан 2019» кезеңінің жеңімпазы және ралли-рейд бойынша Әлем кубогының төрт дүркін иегері (2008, 2015, 2016 және 2017 жж.) Катар автошабандозы Нассер Салех Әл-Аттия тағы бір мәрте өз бағын сынап, қазақстандық кезеңде жеңіс үшін таласатын болады. Өткен жылы катарлық Маңғыстауда сәтсіздікке ұшырады – раллидің бірінші бөлігінде Нассер автомобилінің қозғалтқышындағы техникалық ақаулар оған жарысты жалғастыруға мүмкіндік бермеді.

Ралли-рейд тарихындағы ең атақты шабандоздардың бірі, «Дакар» раллиінің 13 дүркін жеңімпазы Стефан Петерансель (X-raid MINI JCW Team) «Ралли Қазақстан 2019» жарысында өзінің штурманы және жұбайы Андреа Петерансельмен өнер көрсетеді. Ерлі-зайыптылардың дуэті Абу-Дабидегі ралли-рейдтен Әлем Кубогының екінші кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді. Қазіргі уақытта Стефан Петрансель Нассер Аль-Аттиямен бірге FIA Әлем Кубогының турнирлік кестесінде 30 ұпаймен бірінші орында тұр.

Өткен жылғы «Ралли Қазақстан 2019» кезеңінің триумфаторы, Сауд Арабиясының автошабандозы Язид Әл-Раджи (Overdrive Racing) биыл өзінің жаңа Toyota Hilux Overdrive автокөлігінде жарысады және биыл да жеңіске жетуге ниетті. Қазір оның қоржынында 21 ұпай бар. Биыл жалпы есептегі бірінші орын үшін күрес Язид Аль-Раджи, Петреансель және Нассер Аль-Аттия арасында өтеді деп күтілуде.

2014 жылғы ралли-рейд бойынша Әлем Кубогының жеңімпазы және «Ралли Қазақстан 2018» қола жүлдегері ресейлік шабандоз Владимир Васильев (VRT Team) та Маңғыстауда осы тәжірибелі автоспортшыларға лайықты бәсекелестік жасауға әзір. Васильев әзірге Әлем Кубогының жалпы есебінде төртінші орында тұр.

Қазақстандағы автомобиль спортының жанкүйерлері Якуб Пшигонскидің (Orlen X-raid Team) экипажымен жақсы таныс, себебі бұл шабандоз 2017 және 2018 жылдары «Ралли Қазақстан» жарысында екі рет күміс жүлдені місе тұтқан еді. Айта кету керек, биылғы жарыс маусымы ралли-рейд бойынша Әлем Кубогының қазіргі чемпионы Якуб Пшигонскидің экипажына сәтсіз басталды. Катардағы әлем Кубогының бірінші кезеңінде техникалық комиссарлар 2019 жылдың жаңа талаптары бойынша оның автокөлігінің қажетті салмақ көрсеткішіне жетпеуіне байланысты оның экипажын жарыстан шеттету туралы шешім қабылдады.

Подиумға үміткерлердің қатарында Голландиядан келген Бернард тен Бринке де бар, автошабандоз өте жылдам, дегенмен әлі тұрақсыз өнер көрсетуде. Ол «Ралли Қазақстан 2019» Әлем Кубогындағы сүйікті кезең деп есептейтін бельгиялық тәжірибелі штурман Том Колсулмен бірге жарыс жолына шығады.

Биыл Ақтауға Ютта Кляйншмидт келетінін растады, ол - автоспорттағы аты аңызға айналған тұлға, әлемдегі «Дакар» марафонын бағындырған жалғыз әйел және ралли-рейд бойынша Әлем Кубогының жүлдегері. Биыл ол FIA ралли бойынша Комиссияның Президенті лауазымына тағайындалды.

«Ралли Қазақстан 2019» қорытындысы бойынша, ралли рейдтен Қазақстан Республикасы Кубогының Ұлттық есебінің көшбасшылары да анықталады, оған сондай-ақ Ресейден келген «GAZ Raid Sport» және «КАМАЗ-мастер» кәсіби зауыттық командалары қатысады.

Қазақстанды раллиде отандық және халықаралық ралли-рейдтер мен және ралли-марафондарда өнер көрсетуде бай тәжірибесі бар «MobilEx Racing Team», «OFF ROAD Kazakhstan» және «Aktau Motorsport» сынды бірнеше спорттық экипаждар таныстырады.



«MobilEx Racing Team» командасының құрамында бірден екі экипаж Т1 санатына қатысады - «Ралли Қазақстан 2016» жеңімпазы Юрий Сазонов және әлем Кубогының және халықаралық жарыстардың қатысушысы жас автошабандоз Ерден Шағиров. Олар Маңғыстау жерінде танымал автожарысшыларға бәсекелестік көрсетуге сақадай сай.

Тәжірибелі қазақстандық шабандоз, «Ралли Қазақстан 2019» күміс жүлдегері,  «Дакар» раллиінің қатысушысы Андрей Чередников Т1 категориясында жеңіске жетуге барын салмақ.

Қазақстандық «Aktau Motorsport» командасының капитаны, «Жібек жолы 2017» ралли-марафонының жеңімпазы Кирилл Черненков Т2 жол талғамайтын көліктер класында жарысқа қатысуға толыққанды әзір.

Жарыстың салтанатты басталымы 26 мамыр күні кешке Ақтау қаласының жағалауында өтеді. Келесі күні бірінші кезеңде ралли-рейд қатысушылары Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 210 км жерде орналасқан Кендірліге қарай бағыт алады. Екінші күні Сенек елді мекені айналасындағы шөл арқылы шығысқа қарай айналма учаскені қамтиды, үшінші кезеңнің бөлігі Кендірліден шығысқа қарай облыстың қойнауына бағытталған. Төртінші кезең Жаңаөзен қаласының маңында өтеді. Соңғы екі қорытынды кезең Ақтаудан солтүстікке қарай өтеді. Соңғы кезеңде 1 маусым күні спортшылар Каспий теңізінің жағалауын бойлай жүріп, Ақтау қаласының жағалауында сағат 15.00-де жарысты аяқтайды.

- Біз Қазақстанда халықаралық жарыстарды көбірек өткізуге және кез келген деңгейдегі және кластағы халықаралық жарыстарды кәсіби түрде ұйымдастыруға және қабылдауға қабілетті спорттық держава ретінде еліміздің беделін арттыруға тырысамыз. Осындай додаларды өткізу біздің елімізге серіктестік қаражатын тартып, оларды өзімізде қалдыруға жол ашады, - деді ҚР автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев. Біздің қызметіміз бүгінде елімізде халықаралық іс-шараларды табысты өткізу үшін Қазақстан автомотоспорт федерациясы өкілдерінің кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ қазақстандық спортшылардың отандық және шетелдік додаларға қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Кендірлідегі бивуакта дәстүрлі түрде ұлттық киіз үй орнатылады, онда ралли-рейдтің қатысушылары мен қонақтары Қазақстанның тұрмысымен және дәстүрлерімен таныса алады, сондай-ақ түрлі ұлттық тағамдардың дәмін татады.

Раллидің ұйымдастырушысы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР автомотоспорт Федерациясы болып табылады.   «Ралли-Казақстан 2019-ды» ұйымдастыру және өткізудегі бас серіктес  – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.


«РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

2016 Юрий Сазонов, Дмитрий Цыро, Mobilex Racing Team командасы

2017 Нассер Әл-Аттия, Матье Бомель, Overdrive Racing Team командасы

2018 Язид әл-Раджи, Тимо Готтшалк, X-Raid Team командасы

Жарыс бағыттары мен нәтижелері бойынша барлық ақпарат-ресми сайтта www.rallykazakhstan.com.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру