Хоккей 28 Мамыр, 2019 (0) (116)

Қазақстан хоккейден 2020 жылғы әлем чемпионатының матчтарын қай қалада өткізеді?

Биыл бірінші дивизион, А тобындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер командасы элиталы дивизионға жолдама алды. 2020 жылы біздің команда Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Бүгінде Қазақстанның алғашқы айналымдағы қарсыластары мен матчты қабылдайтын қала анықталды.

Қазақстан В тобында сынға түседі. Біздің құраманың қарсыластары – Ресей, Финляндия, АҚШ, Швейцария, Латвия, Норвегия, Италия. В тобындағы командалардың матчы Цюрих қаласында өтеді. 

А тобындағы командалар тартысы Лозанна айдынында өтпек. Канада, Швеция, Чехия, Германия, Словакия, Дания, Беларусь және Ұлыбритания осы қалада өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетелік, Латвия мен Беларусь 2021 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізетіндіктен, олар элиталы дивизион қатарынан шықпайды. 

Дереккөз: Olympic.kz

Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру