Жекпе-жек 07 Маусым, 2019 (0) (166)

Астана тұрғындарына спорттық сыйлық дайындалуда

28 маусымда Нұр-сұлтан қаласының көпфункционалды "Барыс-Арена" спорт кешенінде аралас жекпе-жек бойынша M-1 Challenge 102 #СенiӊЖаңаҚырыӊKAZMMА-де халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында Әлем чемпионы атағы үшін бірден үш жекпе-жек өткізіледі!



Қазақстан-Бразилия

Жартылай орта салмақтағы спортшы Шавкат Рахмонов Алматыда өткен M-1 Challenge турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Енді ол Нұр-сұлтан қаласында өтетін жаңа турнирде де чемпиондық атағын сақтап қалуды көздеп отыр. Ол Бразилиядан келген спортшы Тьяго Варежао Ласердамен кездеседі.

АҚШ – Ресей

2017-ші жылы өткен M-1 Challengeде, жартылай жеңіл салмақта жанкүйерлердің есінде мәңгілік қалған Виктор Колесников пен Нэйт Ландвери жекпе-жегі болатын. Тоқтаусыз қарсыласудың үш раундынан кейін жеңіске американдық спортшы жеткен болатын. Енді ескі қарсыластар қайтадан кездесіп, 2017 жылғы жекпе-жекті ел есіне салмақ.

Қазақстан-Ресей

Бос чемпиондық белбеу үшін күрес, жеңіл салмақтағы екі үміткер арасында өтеді. Олардың бірі жеңілуді білмейтін Александр Шлеменко, ол M-1 Challenge рейджінде алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жеткен. Бұл кездесудің екінші қатысушысы Сергей Морозов болады, ол бір титулдық жекпе-жекке дейін жетіп, бірақ Мовсар Евлоевты жеңе алмады. Осыдан кейін ол қатарынан үш рет жеңіске жетіп, чемпион атағы үшін өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Турнирдің ұйымдастырушылары М1-Global (Ресей) және «Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы» ЗТБ. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарды, бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.

Турнир бағдарламасында көрермендерді әр елден келген спортшылардың қатысуымен өтетін 13 жекпе-жек күтіп тұр.

Турнир Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 16:30-да басталады.

Аталған шараға ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Қосымша ақпарат алу үшін: 8775 970 75 71 Гульнара


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру