Alaman Ақпарат 16 Маусым, 2019 (0) (74)

Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлем кубогі кезеңі аяқталды

Нұр-Сұлтанда триатлоннан әлем кубогі кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, өз жеріміздегі додада спортшыларымыз жүлдесіз қалды.


Жарыс басталар алдында төрешілер алқасы аздаған өзгеріс енгізді. Турнир бағдарламасынан жүзуден өтетін жарыс алынып тасталды. 

Кубоктік кезеңге әлемнің 37 мемлекетінен 130 спортшы қатысты. Қазақстан атынан Ғазиза Құмақбаева мен Семен Пивоваров сынға түскен болатын. 

Құмақбаева жарыс жолынан шығып қалды, ал Пивоваров 43-ші орыннан көрінді.

Әйелдер арасында  жапондық Ай Уэда жеңіске жетті. Екінші орында ирландиялық Кэролин Хейс, үшінші сатыда ұлыбританиялық Кейт Во. 

Ерлер арасында австралиялық Мэттью Хайзерге тең келер ешкім болған жоқ. Екінші орында ОАР өкілі Виан Сулвад. Үздік үштікті америкалық Мэттью Макилрой тұйықтап тұр.  


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру