Alaman Ақпарат 18 Маусым, 2019 (0) (85)

Шпагадан Қазақстан ерлер командасы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Бүгін Токиода семсерлесуден Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтуде. Шпагадан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.


Жартылай финалда Эльмир Алимжанов, Иван Дерябин, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан командасы Оңтүстік Корея құрамасымен кездескен болатын. 

Тартысты өткен матч «алтын ұпайға» дейін созылып, қазақстандықтан 43:44 есебімен қарсыласқа есе жіберді. 

Бұл көрсеткіш арқылы Қазақстан құрамасы құрлық додасының қола жүлдесін иеленді. 

Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан командасы Азия біріншілігінен екі қола медаль жеңіп алған болатын. Руслан Курбанов шпагадан ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштікке енсе, саблядан Қазақстан қыздар командасы турнирдің қола жүлдегері атанды. 


Дереккөз: Olympic.kz


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру