Футбол 19 Маусым, 2019 (0) (117)

Футболдан Қазақстан кубогының финалистері анықталды

Қостанайда “Қайсарды” 1:0 есебімен тізе бүктірген “Тобыл” бүгін Қызылордаға қонаққа келген. Ал “Атырау” “Ордабасыны” қабылдады.


“Қасқырлар”матчты шабуылмен бастады. Ойынның 16-минутына алаң иелерінің сұрмергені Барсегян есеп ашты. Тигранның 25 метрдей жерден тепкен добы зеңбірек оғындай зулап барып, қақпа маңдайшасына тиіп барып голға айналды. Голдың өте әдемі болғанын айта кету керек. Екінші таймда Мбомбо есепті еселеп кетті. 2:0! “Қайсар” финалда деп отырғанда, 89-минутта ойда-жоқта Жулпа гол соғып, “Тобылға” мүмкіндік сыйлаған. Алайда төреші қосқан соңғы минуттарда, дәлірек айтқанда 97-минутта Барсегян пенальтиді мүлтіксіз орындап, дубль жасады. Сөйтіп “Қайсар” Қазақстан кубогының финалына жолдама алды.



Ал “Атырау” мен “Ордабасы” арасындағы матчта есеп ашылған жоқ. Шымкентте өткен алғашқы ойында есеп 1:1 болған еді. Бүгін қанша тырысқанымен, қос қарсылас қақпа кілтін таба алмады. Гол соғуға шымкенттіктер мүдделі еді. “Атырау” финалға жолдама алды.

Қос команда осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан кубогының финалында кездеседі.


Фото: Sports.kz

Видео: PFLK TV


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру