Жекпе-жек 01 Шілде, 2019 (0) (86)

Дархан Асаділов каратеден олимпиадалық рейтингте көш бастады

Бүкіләлемдік карате федерациясы (WKF) бүгін жаңартылған олимпиадалық рейтингті жария етті.


60 келіде сынға түсетін қазақстандық Дархан Асаділов шілде айында олимпиадалық салмақтың көшін бастап тұр деп жазады Olympic.kz

Азия ойындары мен ірі халықаралық турнирлердің жеңімпазы, сондай-ақ, каратеден әлем чемпионатының жүлдегері Дархан Асаділов өз салмағында бірінші орынға шықты. Ол италиялық Анджело Кречензо мен франциялық Стевен Дакостаны артта қалдырған. 

Дарханның маусым айында Шанхай (Қытай) мен Монреалда (Канада) өткен Премьер-лига және А сериясы аясындағы турнирде топ жарған болатын. Асаділовтің бұл жетістігі рейтингте көш бастауға мүмкіндік берді.  Еске сала кетейік, каратеден Олимпиада ойындарына лицензия тарататын жарыстар тізбегі келесі жылдың мамырына дейін жалғасады. Олимпиадалық салмақ дәрежелерінде үздік төрттіке енген спортшылар Токио ойындарына тікелей жолдама алады.


Ұқсас жаңалықтар

Пікір қалдыру